- АҚИҚАТ
- Жазбалар | Пікірлер
- Жарнама
- Жаңа жазбалар
- Айдарлар
- Ақыл-ойды бақылау және басқару
- 3 Фев 2015 г.
- Пікір ( 0 )
- Сегіз сатылы йога.
- Дхарана.
- Дхиана.
- Самадхи.
- Йогамен айналысудың қандай пайдасы бар? Маман кеңесі
- Йоганың пайдасы қандай?
- Йоганың қандай түрі бар?
- Фитнес түрлері. Фитнестің танымал жəне жаңа бағыттары
- Тағы да оқыңыздар:
- Ментальды фитнес йога дегеніміз не
- Йоганың пайдасы қандай?
- Йоганың қандай түрі бар?
АҚИҚАТ
Ақпараттық-танымдық интернет басылым
Жазбалар | Пікірлер
Жарнама
Жаңа жазбалар
- Кредит алу – өзіңді құрдымға құлату 26.09.2021
- Адам өз тағдырын өзі жасайды 24.09.2021
- Ақша – азғындық құралы 18.09.2021
- Өз капиталыңызды қалай жасауға болады? 16.09.2021
- Байлыққа жетудің басты қадамы – инвестиция 12.09.2021
Айдарлар
Ақыл-ойды бақылау және басқару
3 Фев 2015 г.
Пікір ( 0 )
Бүгінде йога дегенді білмейтін адам жоқ шығар. Үнді елінен бастау алатын бұл ілімнің қай кезде, қалай шыққаны белгісіз. Қазір Қазақстанның көптеген аймақтарында йога орталықтары жұмыс жасайды.
Йоганың мағынасы – байланыс немесе жалғасу дегенге келеді. Яғни, йога жаттығулары бізді Жаратқанмен, ғылыми тілмен айтқанда табиғатпен байланысуымызға көмектеседі. Бұл байланыс бізге бүгінде жоғалтып алған интуиция арқылы әрекет жасауға мүмкіндік жасайды. Ал ішкі үн – интуиция арқылы әрекет ететін адам ешқашан қателікке бой алдырмайды.
Сегіз сатылы йога.
Йоганың түрлері көп. Хатха йога, раджа йога, мантра йога, агни йога болып жалғасатын йоганың ең биік шыңы – бһакти йога. Бһакти – бұл Жаратқанға деген сүйіспеншілік. Мұндай деңгейге жету миллионның бірінің ғана маңдайына жазылған бақыт.
Сегіз сатылы йога адамды ақыл-ой ықпалынан шығып, оны бақылауға және басқаруға мүмкіндік береді. Гияна йога деп аталатын бұл йогамен Индияда фәни жалғанның ықпалынан шығып, рухани бостандық алғысы келетін данышпандар айналысады.
Иама, ниама деп аталатын сатылардан басталып, дхиана, самадхи сатыларымен бекітілетін гиана йоганың соңғы үш сатысы ақыл-ойды тізгіндеп, оны басқаруға мүмкіндік жасайды. Осыған орай, біз сол соңғы үш сатыға тоқталмақпыз.
Дхарана.
Сіз ақыл-ойыңызды бақылауға тырысып көрдіңіз бе? Егер олай жасап көрмеген болсаңыз, көзіңізді жұмып, ештеңе ойламай, толассыз ағылған ақыл-ойды тізгідеуге тырысып байқаңыз. Сонда ақыл-ой күшінің қандай екендігін анық сезінетін боласыз.
Бһагавад Гита кітабында патшазада Арджуна ақыл-ойды басқару үзбей соғатын желді ауыздықтаудан да қиын екендігін айтады. Желді ауыздықтау мүмкін бе? Жоқ. Сол сияқты толассыз ағылған ақыл-ойды тізгіндеу де өте қиын, бірақ белгілі жаттығулардың арқасында оған қол жеткізуге болады.
Сондай жаттығу – дхарана. Сегіз сатылы йоганың алтыншы сатысы болып табылатын дахарананы игеру анау айтқанадй қиын емес. Молдасыңызды құрып, екі қолыңызды тізелеріңіздің үстіне қойып, көздеріңізді жартылай жұмып отырыңыз.
Назарыңызды тыныс алуға аударыңыз. Демалу арқылы ауаның ішіңізге еніп, қалай шығып жатқанын бақылаңыз. Демалыс іш арқылы алынады. Назарыңызды аударатын бөгде ойларды тоқтатуға тырысыңыз.
Әрине, бұл бірден мүмкін болмайды. Ақыл-ой бас білмеген асау атша әр жаққа ала қашып, тыныштық таппайды. Дхарана жаттығуының міндеті жан-жаққа ала қашатын ақыл-ойды назарыңызды шоғырлаған нысанға – іш арқылы тыныс алуға қайтарып отыру. Алғашында қиын болғанмен, келе –келе сіз асау атша арындаған ақыл-ойыңызды медитация нысанына жеңіл қайтаратын боласыз.
Дхиана.
Дхарана сатысын меңгергеннен кейін сіз аласұрған ақыл-ойыңызды медитация нысанына жеңіл қайтарып және сонда ұзағырақ ұстауға мүмкіндік аласыз. Ұзақ жаттығулардан кейін ақыл-ойыңыз тыныштанып, басқаруға көне бастайды.
Міне, сол тұста жетінші саты – дхианаға көтерілсіз. Дхиана деңгейінде ақыл-ойыңыз назарыңызды шоғырлаған нысанға түсіп, ешқайда кетпей тұрақтанады. Бұны батареямен жұмыс істейтін қол фонарын бір затқа бағыттап, жарықты ұстап тұрумен салыстыруға болады. Яғни, ақыл-ойыңыз медитация нысанына түсіп, ешқайда ауытқымай тұрақтанып тұрады.
Дхиана бірнеше сатылардан тұрады. Алғашқы сатыда ақыл-ой біршама тұрақсыз болады. Сәл себеп болса-ақ ол медитация нысанынан тез ауытқып кетеді. Ал келе-келе медитация күшейіп, ақыл-ой назар аударған нысанға берік байланады. Содан тереңдей келе, ең соңғы саты – формасыз дхианаға жетесіз.
Формасыз дхианада ақыл-ой тылсым тыныштық күйге түсіп, сіз дене мүшелеріңізді мүлдем сезінбейтін боласыз. Ештеңе естімейсіз, көрмейсіз. Бейне ауада қалқып тұрғандай ғажайып күйге түсесіз.
Самадхи.
Ең соңғы саты – самадхи. Дхиананы әбден меңгерген йог ішкі жан дүниесіне тереңдей еніп, ең соңғы меже – самадхи дәрежесіне жетпек. Дхиана барысында медитациядан шыққаннан кейін адамның ақыл-санасы қайта бұрынғы қалпына түседі. Ал самадхи деңгейіне жеткен кезде оның санасы күрт өзгереді.
Самадхи – біздің әлемнің арғы жағындағы ақиқат әлем деген мағынаны білдіреді. Біз ақыл-ойымызбен рухани әлемге жетеміз. Сол кезде мына фәнидің өткінші, жалған екендігін ұғынып, шынайы өмір бақи дүниеде екендігіне көз жеткіземіз. Бұған жету өте қиын және ұзақ жаттығуларды талап етеді.
Блогымызда сегіз сатылы йога, ақыл-ойды игеріп, басқару адамға не беретіндігі туралы алдағы уақытта жан-жақты айтатын боламыз. Блогымыздағы жаңалықтарды дер кезінде біліп отыру үшін «Блогқа жазылу» терезесі арқылы жазылыңыз.
Источник
Йогамен айналысудың қандай пайдасы бар? Маман кеңесі
Йога дегеніміз не? Ол қайдан шықты? Йогамен айналысудың қандай пайдасы бар? Бұл сұрақтардың жауабын Baribar.kz тілшісіне йога жаттықтырушысы Аруна Шерім айтып берді.
Фитнес-йога маманы Аруна Шерімнің айтуынша, бұрын адамдар йогадан қорқып, оны Кришнаға табыну деп қабылдайтын. Қазір көбі йогамен спорт ретінде айналысады.
Йога үнді тілінен аударғанда «байланыстыру», «ойды жинақтау», «қабылдау» дегенді білдіреді. Басты мақсаты — жан, ой мен денені бір арнаға біріктіру. Йога өзіңді тануға, жүйкені тыныштандыруға, денені физикалық тұрғыдан жаттықтыруға көмектеседі.
Физикалық және тыныс алу жаттығуларын жасау арқылы барлық бұлшықет қозғалып, ағзаға оттегі барады. Сондықтан дене жұмсақ болып, адам өзін жайлы сезінеді, көңіл-күйі де көтеріледі. Қан айналымы, ас қорыту жұмысы жақсарып, жүйке жүйесі тынышталады. Йогамен айналысатын адамдар депрессия мен стресстен тез жазылып кетеді, — дейді Аруна шерім.
Аруна Шерімнің айтуынша, әр адам йогамен айналасуы керек. Өйткені қазір көбі жұмыста компьютер алдында отырады, олардың мойын бұлшық еттері және арқасы жиі ауырады. Ал йоганың арқаға арналған жаттығуларын жасасаңыз, денеңіз жеңілдейді. Бірақ йога жаттығуларын өз бетіңізше жасауға болмайды.
Қазір интернетте йоганы видео арқылы үйрететін түрлі онлайн курс бар. Бірақ маманның қабылдауына жазылған жөн. Йога ерлер мен әйелдерге кез келген жаста пайдалы. Ең жиі кездесетін бас ауруы, семіздік, арқадағы ауруды фитнес-йога жаттығуларын жасау арқылы емдеуге болады. Күнделікті жаттығуларды орындау арқылы денеңіз бір қалыпқа келіп, зиян әрекеттерден арыласыз. Адам өзін жеңіл сезінеді. Ағзадағы энергетикалық арналар тазарып, бұлшықетіңіз жаттығып, денеңіз иілгіш болады, — дейді фитнес-йога маманы.
Йоганың пайдасы қандай?
- Адамның бұлшықеті иілгіш болады. Йогамен айналысатын адамдар шпагатқа қиналмай отырады. Әртүрлі физикалық жаттығуды істей алады.
- Йоганың кей түрлері артық салмақтан арылуға көмектеседі.
- Йогамен айналысатын адамның сүйегі берік болып, артроз, остеопорозға шалдықпайды.
- Йогамен айналысқанда бұлшықетіңіз қатайып, тік жүре бастайсыз.
- Денеңізде ауыртпалық болмайды. Өйткені медитация жасау арқылы өзіңізді жеңіл сезінесіз.
Қазір адамдар депрессия мен стресске бейім. Йоганың психологиялық жағынан пайдалы екенін көбі біледі. Йога физикалық тұрғыдан да пайдалы. Психологтардың тренингі мен әлеуметтік желідегі онлайн марафонының әсері ұзаққа бармайды. Йогамен айналысуды спорт ретінде қабылдасаңыз, денсаулығыңыз жақсарады. Адам физикалық тұрғыдан өзін жақсы сезінсе, жүйкесі де тынышталады, — дейді Аруна Шерім.
Йоганың қандай түрі бар?
- Аштанга йога
- Айенгара йога
- Бакрим йога
- Кундалини йога
- Хатха-йога
Хатха-йоганы көпшілік жақсы біледі. «Хатха» сөзі қарама-қарсы бастамалардың жалғыз күші дегенді білдіреді. «Ха» — күн, «тха» — ай деген мағынада қолданады. Адам жалғыз өзі қоршаған ортамен ылғи қарсылықта болады. Хатха-йогада физикалық, тыныс алу және жүйкені тыныштандыратын жаттығулар бар, — дейді фитнес-йога жаттықтырушы.
Источник
Фитнес түрлері. Фитнестің танымал жəне жаңа бағыттары
Фитнеспен айналысам деген адам алдымен оның небір түрлі бағыттарымен танысып алуы керек. Ондай бағыттары көптеп саналады, бірақ барлығы бір мақсатты көздейді, яғни денсаулықты жақсарту, дене бітімді түзеу, өмірлік ұстанымды өзгерту. Сөйте тұра əрбір бағыттың жеке қарастырылуының мəні əрбір жеке адамның қажеттілігіне сəйкес төзімділікті шыңдау, бұлшықеттерді нығайту, дене пішімін қалпына келтіру сияқты нақты мақсаттарға жұмыс істейді.
Қазіргі кездегі фитнес залдарында ұсынылатын жаттығу түрлерін шартты түрде екі топқа бөлуге болады: қолданыстағы танымал бағыттар жəне жаңа бағыттар. Енді сізге ыңғайлы əдіснама түрін таңдау үшін негізгі түрлерге тоқталып өтейік.
Негізі Ежелгі Үндістанда қаланған фитнестің ең сəнді түрінің бірі. Йога арқылы дене пішіміне сырттай əсер ету арқылы түзетіп ішкі гармонияға қол жеткізе алуға болады. Бұл əдіснамадағы жаттығу белгілі бір уақытта ұсынылған қалыпты ұстап отыруға негізделеді. Мұнда күш-қуатты арттыру, төзімділік пен иілгіштік, ерік-жігерді қашау, кеудені тік ұстау мен зат алмасу процесін жақсартуға өте пайдалы жаттығулар жасалады.
Бұл əдіснама қарапайым, жеңіл жаттығулар кешенінен тұрады. Соның арқасында бұлшықеттерге жүйелі күш түсіріліп, көп мəрте қайталау арқылы дене бітімді түзеп алуға болады. Егер бұл жаттығуды таңдаудағы мақсат арықтау болса, онда ол арнайы диета кешенімен бірге өткізіледі.
Бұлшықеттерді нығайту мен майды кетіруге бағытталған аса танымал фитнес жаттығуларының бірі. Кез келген жас жəне дене бітімге лайық жаттығулар түрі бар. Бұл əдіснаманың негізінде йогадағыдай денені бір қалыпта ұстау болып табылады, өзгешелігі тек созылу жəне бір орында тұрып жасалатын жаттығулармен алмастырып берілуінде. Жаттығу кезінде бір уақытта барлық бұлшықеттер тобы іске қосылады.
Бұл жаттығулар кешені кез келген адамға сəйкес келе береді. Мұндағы мақсат сау жəне сымбатты дене пішімге ие болу болып табылады. Жаттығу кезінде іш, арқа жəне бүйір тұстарының қамтылуына мəн беріледі. Жүйелі түрде айналысу арқылы бұлшықеттің нығыз, кеуденің тіктеліп, иілгіштік, кербездік, төзімділік жəне буындардың иілмелілігіне қол жеткізесіз.
Бұл əдіснамада дұрыс тыныс алу жəне созылуға арналған жаттығулар кешені жинақталған. Тыныс алудың ерекше əдістерін үйрету арқасында бұл əдіснама ерекше болып саналады. Тұрақты түрде айналысу артық салмақтан арылтып, бұлшықеттерді нығайтып, көңіл күйге оң əсер береді.
Фитнестің бұл түрі бөкседегі артық бөлікті кетіргісі келетін, сұлу дене бітімді қалайтын əйелдерге жақсы келеді. Дененің иілгіштік қасиетін қайтарып, аяққа отырып тұру арқылы күш түсіру түріндегі жаттығулардан тұрады.
Күш жұмсауды қажет ететін жаттығулар кешенінің бұл түрінде барлық бұлшықеттер жұмылдырылып, орташа жəне жоғары қарқындылықтағы қарапайым жаттығулар жасалады. Body Sculpt жаттығулары салмағы 6 кг-ға дейін болатын гантельдермен жасалады.
Жалпы тонусты жақсартуға, артық салмақтан арылуға, көңіл күйді көтеру, жүрек қантамырларына оң əсер етуге, тыныс алу жүйесін ашуға арналған өте танымал əрі сəнді фитнес түрі. Бұл əдіснамада бұлшықеттерге күш салу жаттығулары тыныс алу жаттығуларымен өте жақсы астасып жатады. Жаттығулар ырғақты əуенмен жасалады.
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
Киілген киімді басқа біреуге беруге неге болмайды?
Ғалымдар тіс пастасының зиян екенін хабарлады
Источник
Ментальды фитнес йога дегеніміз не
Йога дегеніміз не? Ол қайдан шықты? Йогамен айналысудың қандай пайдасы бар? Бұл сұрақтардың жауабын Baribar.kz тілшісіне йога жаттықтырушысы Аруна Шерім айтып берді.
Автор:
Назым Сапарова
Фитнес-йога маманы Аруна Шерімнің айтуынша, бұрын адамдар йогадан қорқып, оны Кришнаға табыну деп қабылдайтын. Қазір көбі йогамен спорт ретінде айналысады.
Йога үнді тілінен аударғанда “байланыстыру”, “ойды жинақтау”, “қабылдау” дегенді білдіреді. Басты мақсаты – жан, ой мен денені бір арнаға біріктіру. Йога өзіңді тануға, жүйкені тыныштандыруға, денені физикалық тұрғыдан жаттықтыруға көмектеседі.
Физикалық және тыныс алу жаттығуларын жасау арқылы барлық бұлшықет қозғалып, ағзаға оттегі барады. Сондықтан дене жұмсақ болып, адам өзін жайлы сезінеді, көңіл-күйі де көтеріледі. Қан айналымы, ас қорыту жұмысы жақсарып, жүйке жүйесі тынышталады. Йогамен айналысатын адамдар депрессия мен стресстен тез жазылып кетеді, – дейді Аруна шерім.
Қазір интернетте йоганы видео арқылы үйрететін түрлі онлайн курс бар. Бірақ маманның қабылдауына жазылған жөн. Йога ерлер мен әйелдерге кез келген жаста пайдалы. Ең жиі кездесетін бас ауруы, семіздік, арқадағы ауруды фитнес-йога жаттығуларын жасау арқылы емдеуге болады. Күнделікті жаттығуларды орындау арқылы денеңіз бір қалыпқа келіп, зиян әрекеттерден арыласыз. Адам өзін жеңіл сезінеді. Ағзадағы энергетикалық арналар тазарып, бұлшықетіңіз жаттығып, денеңіз иілгіш болады, – дейді фитнес-йога маманы.
Йоганың пайдасы қандай?
- Адамның бұлшықеті иілгіш болады. Йогамен айналысатын адамдар шпагатқа қиналмай отырады. Әртүрлі физикалық жаттығуды істей алады.
- Йоганың кей түрлері артық салмақтан арылуға көмектеседі.
- Йогамен айналысатын адамның сүйегі берік болып, артроз, остеопорозға шалдықпайды.
- Йогамен айналысқанда бұлшықетіңіз қатайып, тік жүре бастайсыз.
- Денеңізде ауыртпалық болмайды. Өйткені медитация жасау арқылы өзіңізді жеңіл сезінесіз.
Қазір адамдар депрессия мен стресске бейім. Йоганың психологиялық жағынан пайдалы екенін көбі біледі. Йога физикалық тұрғыдан да пайдалы. Психологтардың тренингі мен әлеуметтік желідегі онлайн марафонының әсері ұзаққа бармайды. Йогамен айналысуды спорт ретінде қабылдасаңыз, денсаулығыңыз жақсарады. Адам физикалық тұрғыдан өзін жақсы сезінсе, жүйкесі де тынышталады, – дейді Аруна Шерім.
Йоганың қандай түрі бар?
- Аштанга йога
- Айенгара йога
- Бакрим йога
- Кундалини йога
- Хатха-йога
Хатха-йоганы көпшілік жақсы біледі. “Хатха” сөзі қарама-қарсы бастамалардың жалғыз күші дегенді білдіреді. “Ха” – күн, “тха” – ай деген мағынада қолданады. Адам жалғыз өзі қоршаған ортамен ылғи қарсылықта болады. Хатха-йогада физикалық, тыныс алу және жүйкені тыныштандыратын жаттығулар бар, – дейді фитнес-йога жаттықтырушы.
Источник